Алматыда XIX республикалық театрлар фестивалі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда XIX республикалық театрлар фестивалі өтіп жатыр

Алматыда XIX республикалық театрлар фестивалі өтіп жатыр

Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі 26-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ХІХ Республикалық театрлар фестивалін өткізеді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

  • 26 Қыркүйек 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Фестиваль отандық театрлардың репертуарын қалыптастыру, заманауи сахналық үрдісті нығайту мен дамыту, театр ұжымдарының шығармашылық ізденістерін ынталандыру, заманауи сахналық үрдістің дамуындағы басым бағыттарды анықтау, театрлардың репертурын жоғары көркемдік деңгейдегі қойылымдармен толықтыру мақсатында өткізіліп жатыр», — делінген ведомствоның ақпаратында.

Фестивальға еліміздің республикалық және облыстық театрлары жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктері, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын көрсететін патриотизм тақырыбындағы отандық авторлардың шығармасы бойынша соңғы екі-үш театрлық маусымда сахналанған үздік қойылымдармен қатысады.

Фестиваль аясындағы спектакльдердің басым бөлігі Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында көрсетіледі.

30 қыркүйек күні фестивальдің салтанатты жабылуы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Қазылар алқасы төмендегідей номинациялар бойынша сыйлық иегерлерін белгілейді: «Ең үздік спектакль»; «Ең үздік режиссерлік шешім»; «Ең үздік драматургиялық шығарма»; «Қазақ драматургиясын табысты меңгергені үшін»; «Ең үздік әйел адам бейнесі»; «Ең үздік ер адам бейнесі»; «Ең үздік екінші пландағы әйел бейнесі»; «Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі»; «Көрермендер көзайымы»; «Үміт».

Перейти к новостям спорта