Алматыда ЯК-40 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ЯК-40 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматыда ЯК-40 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Бүгін, 3-қыркүйекте Алматы әуежайына "Көкшетау Авиа" әуекомпаниясына қарасты ЯК-40 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2004
  • 425
Фото - Caravan.kz

Алматы-Көкшетау бағыты бойынша 4480 рейсті жүзеге асырушы Як-40 ұшағы Алматы әуежайынан бүгін таңертеңгі 9 сағат 35 минутта ұшып шыққан. Әуеге көтерілгеннен кейін 5 минут өтпей аспанда ұшақтың триммері істен шықты. Триммер — басқару жүйесіндегі жұмсалатын күшті азайту үшін қолданылатын ұшақ тізгінінің қозғалысты бөлігі. Әуежайдың қауіпсіздік қызметі түгелдей дабыл бойынша тікесінен тұрды. 9 сағат 54 минутта ұшақ апатты жағдайда қонып үлгерді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұл оқиғаның мән-жайын көлік прокуратурасы тексере бастады.

Перейти к новостям спорта