Алматыда Зәмзәгүл Шәріпованың 80 жасқа толуына арналған мерейтойлық кеш өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Зәмзәгүл Шәріпованың 80 жасқа толуына арналған мерейтойлық кеш өтті

Алматыда Зәмзәгүл Шәріпованың 80 жасқа толуына арналған мерейтойлық кеш өтті

Театр мен кинода талай жарқын бейнелерді сомдап, қазақ өнерінің тарихына ендіңіз.

  • 31 Қазан 2011
  • 642
Фото - Caravan.kz

29 қазан күні Алматыдағы Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында өткен ҚР Халық артисі Зәмзәгүл Шәріпованың 80 жасқа толуына арналған мерейтойлық кеште осылай айтылды.

«Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне сіз қосқан үлес әлі де азаймайды. Осылай болады деп сенемін»,- деген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың құттықтау хатын ҚР Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов оқып берді. Мұндай хатты Зәмзәгүл Нүсіпбайқызына ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамед те жолдапты. «Қазіргі қазақ қауымы сізді ұлттық театрымыз бен киномыздың көрнекті тұлғасы, ұлт мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қарымды қайраткер ретінде біледі», — дейді Мұхтар Абрарұлы. Әйгілі өнер майталманына өзінің жүрекжарды тілегін Мәскеудің үлкен театрының көркемдік жетекшісі мен Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі де жіберіпті. Ал Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы мен Қазақтың Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жетекшілері өз өкілдерін жіберіп, сый-сияпаттарын табыс етті.

Перейти к новостям спорта