Алматыда заңсыз айналымнан 720 келі пиротехникалық өнім тəркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда заңсыз айналымнан 720 келі пиротехникалық өнім тəркіленді

Алматыда заңсыз айналымнан 720 келі пиротехникалық өнім тəркіленді

Алматы полициясы заңсыз айналымнан 720 келі пиротехника өнімді тəркіленді. Қалалық ІІД əкімшілік полициясы басқармасының арнайы тапсырмалар инспекторы Рақым Толықұловтың айтуынша, қазір барлық базарлар мен сауда орындарының  маңайы барынша тексеріліп жатыр.

  • 21 Желтоқсан 2015
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Пиротехникалық өнімдер жабайы сауда орындарында саудаланып жатыр. Саудагерлерде өнімнің арнайы сертификаты жоқ. Ақырында мұндай өнімдер адамға зиянын тигізеді. Əсіресе балалар қауымы осындай өнімдерден жиі жараланады. Сондықтан біз полиция мен мектеп инспекторларының басым күшін кəмелеттік жасқа толмағандардың арасында салют атумен күреске жұмсап отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі таңда пиротехникалық өнімді автомобильде заңсыз тасымалдауға  тосқауыл қойып жатырмыз. Оған ІІД ƏПБ барлық қызмет  өкілдері жұмылдырылып, 24 топ жұмыс жасап жатыр», — деді ол.

Өткен демалыста пиротехниканы заңсыз саудалаудың 15 дерегі тіркелген. Жалпы салмағы 720 келі болатын 35 қорап өнім тəркіленді. ҚР ƏҚК 483-бабы бойынша 15 əкімшілік өндіріс қозғалды.


Жедел шара 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар