Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Іс-шараның бірінші күнінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 117 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың көпшілігі жеке құрылыста және құрылыс нысандарында жұмыс істеген. 22 шетел азаматы елден шығарылды, тағы 42 адам рейд қорытындысы бойынша ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. – Олардың арасында жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған Нигерия азаматы да бар», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Тәртіп сақшылары қалада заңсыз тұрып жатқан шетел азаматтарының шоғырланған жерлерін, атап айтқанда қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, жатақханаларды, стихиялық еңбек биржалары мен құрылыс нысандарын мұқият тексеріп жатыр.