Алматыда зейнеткер кейуананы өлтірді деген күдікпен бір оқушы қыз ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда зейнеткер кейуананы өлтірді деген күдікпен бір оқушы қыз ұсталды

Алматыда зейнеткер кейуананы өлтірді деген күдікпен бір оқушы қыз ұсталды

Алматыда 85 жастағы зейнеткер кейуананы өлтірді деген күдікпен бір оқушы қыз ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Маусым 2005
  • 682
Фото - Caravan.kz

Кейуана 2005-жылдың 22-мамырында Панфилов ауданы Жаркент қаласында кісі қолынан қаза тапқан. Қылмысқа қатысы бар күдікті деп саналған 10 сыныптың оқушы қызын Панфилов аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Алматыда қолға түсірді. Қамауға алынған қыз істеген ісін мойындап, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдын-ала іс материалдарына қарағанда, кәмелеттік жасқа жетпеген қыз қарт әйелге үй шаруасына жәрдемдесіп жүрген. Зейнеткер әйелдің оқушы қызды 100 теңге мен басқа да жеке заттарын ұрлады деп айыптауы оны қылмысқа итермелесе керек. Кейуана ұрлық туралы полиция мен мектепке хабарлаймын деп қызды қорқытқан.
Әйелдің басын балғамен мылжалап өлтірген қыз Жаркенттен кетіп қалған.
Мектептегілер қызға оң сипаттама беруде. Мұғалімдердің айтуынша, қыз алтын белгіден үміткерлердің бірі болған.

Перейти к новостям спорта