Алматыда зейнеткер көлік астына түсіп көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда зейнеткер көлік астына түсіп көз жұмды

Алматыда зейнеткер көлік астына түсіп көз жұмды

Алматыда 65 жастағы зейнеткер көлік астына түсіп көз жұмды.

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 165
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға Райымбек пен  Розыбакиев көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

65 жастағы ер адам көшені тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған. Сол сәтте Розыбакиев көшесімен солтүстікке келе жатқан Мерседес жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, оны қағып кетті.

Ер адам сол жерде қаза тапты.


Оқиғаның жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.