Алматыда жалған ақша жасап, айналымда саудалап келгендер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жалған ақша жасап, айналымда саудалап келгендер ұсталды

Алматыда жалған ақша жасап, айналымда саудалап келгендер ұсталды

Алматы облысында жалған ақша жасап, айналымда саудалап келгендер ұсталды.

  • 19 Қараша 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz


Олар 3 ай бойы жалған купюраларды Алматы қаласы мен облысында айналымға салып келген. Бұл туралы Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дәулет Ақылбеков айтты. 

Небәрі 21 жастағы Қазақстан азаматы мен 21 және 23 жастағы Өзбекстанның екі азаматы үй ішіне жасырын цех ашып, астыртын жоспарларын іске асырып келген. Екі мың теңгелік банкноттарды компьютер және сканер арқылы басып, айналымға шығарып отырған.
«Жедел іздестіру барысында заңсыз ақша жасаушылардан барлығы 450 мың теңге болатын 2000 теңгелік купюраның 225 данасы табылған. Сондай-ақ ақша форматы сызылған А4 пішінді 11 қағаз бен оны басып шығаруға арналған hp, canon маркалы көпфункционалды құрылғылар тәркіленді. Жалған купюралар көбінесе бақылауы төмен ұсақ сауда орындары мен жанармай құю бекеттерінде айналымға түскен», — деді Д.Ақылбеков.
Алматы облысы Қарасай аудандық соты үшеуін айыпты деп тауып, әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот олардың жеке мүліктерін тәркілеу туралы шешім шығарды.
null
null

Соңғы жаңалықтар