Алматыда жалған құжат көрсеткен Ұлыбританияның 3 азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жалған құжат көрсеткен Ұлыбританияның 3 азаматы ұсталды

Алматыда жалған құжат көрсеткен Ұлыбританияның 3 азаматы ұсталды

Шекара қызметінің «Алматы» бақылау-өткізу бекетінде (Алматы әуежайы) «Дубай - Алматы» бағытындағы «FZ-701» рейсімен келген Ұлыбританияның 3 азаматы ұсталды.

  • 3 Тамыз 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған азаматтардың қолжүктерін қарау кезінде Ауғанстан Ислам Республикасының төлқұжаттары  және Пәкістан Республикасының идентификациялық карточкалары табылды.  Сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары ретінде Ауғанстаннан Дубайға ұшып келгендіктері анықталды.

Бұлар Дубайдағы транзиттік зонада жүріп белгісіз адамдардан Ұлыбритания төлқұжаттарын алады. Сол арқылы Қазақстан Республикасына ұшып келіпті. Мақсаттары — Қазақстан аумағын өткел ретінде қолданып, бір-екі күннен кейін Еуропаға ұшу.


Енді аталған азаматтар қайтадан Дубайға депортацияланатын болады. 

Соңғы жаңалықтар