Caravan Logo

Алматыда жалған құжат көрсеткен Ұлыбританияның 3 азаматы ұсталды

Алматыда жалған құжат көрсеткен Ұлыбританияның 3 азаматы ұсталды

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған азаматтардың қолжүктерін қарау кезінде Ауғанстан Ислам Республикасының төлқұжаттары  және Пәкістан Республикасының идентификациялық карточкалары табылды.  Сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары ретінде Ауғанстаннан Дубайға ұшып келгендіктері анықталды.

Бұлар Дубайдағы транзиттік зонада жүріп белгісіз адамдардан Ұлыбритания төлқұжаттарын алады. Сол арқылы Қазақстан Республикасына ұшып келіпті. Мақсаттары - Қазақстан аумағын өткел ретінде қолданып, бір-екі күннен кейін Еуропаға ұшу.


Енді аталған азаматтар қайтадан Дубайға депортацияланатын болады.