Алматыда Жамбыл облысы мен Тараз қаласының кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Жамбыл облысы мен Тараз қаласының кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Жамбыл облысы мен Тараз қаласының кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алматы. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Жамбыл облысы мен Тараз қаласының кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

  • 7 Қараша 2008
  • 652
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембин Жамбыл облысы мен Тараз қаласының Алматыдағы кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңке 2008 жылдың 8 қарашасында Алматының Астана алаңында таңертеңгі сағат 8- ден түскі сағат 15.00 аралығында өтеді. Мұнда Жамбыл облысының он ауданының үздік шаруа қожалықтары мен Тараз қаласы қала жұртына ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынатын болады.

Жәрмеңкеге Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мерке, Мойынқұм, Т.Рысқұлов атындағы, Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласы қатысады.

Жәрмеңкеге ұсынылған ет-сүт және жеміс, көкөніс өнімдері базар және Алматы қаласы супермаркеттерінің бағасынан 15-20 % -ға төмен болады.

Алматы қаласының өнеркәсіп және сауда орындары да кеңейтілген жәрмеңкеге өз өнімдерін қояды. Мектеп тауарлары, жиһаз, тоқыма жәіне абсқа да өнімдер бар. Жәрмеңке кезінде Астана алаңындағы ҚБТУ шығыс және батыс жақтарына тамақтану нүктелері (жазғы алаңдар) орналасады. Сонымен қатар өнер кұжымдары концерт қояды.

Қазыбек би және Әйтеке би көшелерінің , Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің бойына автотұрақтар ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар