Алматыда жанармай толы құйылған көлік апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жанармай толы құйылған көлік апатқа ұшырады

Алматыда жанармай толы құйылған көлік апатқа ұшырады

Алматыда тағы бір жанармай толы құйылған көлік апатқа ұшырады. Бұл жолы жүк көлігі қарсы бетке шығып кетіп джипті жаншып өткен. Сол сәтте артта келе жатқан басқа жүк көлігі де тоқтай алмай жеңіл машинаны соққан.

  • 14 Қазан 2014
  • 249
Фото - Caravan.kz


Қаладағы ең көлігі көп жүретін Сүйінбай даңғылында болған апатқа Алматының құтқару қызметі түгел жиналды. Өрт сөндірушілер айналаға түгелдей су шашып барынша қауіпсіздікті сақтаған. Абырой болғанда цистернадан бір тамшы да жанармай төгілмеген. Есесіне жеңіл көліктің сау тамтығы жоқ. Қайта жүргізушісі аман. Ал бензинді толтыра тиеп алып жол ережесін бұзған жүк көлігінің ісі қатаң қаралмақ. Айта кетейік, өткен жылы да Алматыда осындай жанармай толы көлік аударылып жол жигіндегі көпқабатты үй өртеніп кеткен болатын.