Өткен аптаның басында Алматыда жаңадан іске қосылған «Оңай» төлем жүйесінің былықтары туралы айтқан едік. Электрондық картасын алуға келген зейнеткерлер ұзын-сонар кезекте тұрса, кей жерлерде жаңа қондырғы дұрыс жұмыс істемей жатты. Осыған байланысты, жоба авторлары олқылықтардың орнын толтырғанын мәлімдеп отыр. Бүгінде бұл аппараттар қаладағы 1500-ден астам қоғамдық көлікке орнатылып, тұрақты жұмыс істеп тұр екен. Ал төлем картасын алуға келген зейнеткерлердің кезегін жою үшін қызметкерлер санын арттырған.
Серік Жұмабеков, «Алматы көлік холдингі» ЖШС директоры:
-Қосымша жабдықты қойып жатырмыз. Компьютерлерді, қажетті бағдарламаны орнатып және өзіміздің қызметкерлерімізді жіберіп, ол мәселені шештік. Қосымша қазір шешім қабылданды. Мына зейнеткерлер, келесі жылда да алдында да тегін болады.