Алматыда жаңа электрондық билет зейнеткерлерге тегін таратылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаңа электрондық билет зейнеткерлерге тегін таратылмақ

Алматыда жаңа электрондық билет зейнеткерлерге тегін таратылмақ

Алматыда жаңадан енгізіліп жатқан электрондық билет карталары зейнеткерлер үшін барлық уақытта тегін жасалады. Ал соғыс ардагерлерінің тіпті үйіне дейін жеткізіп бермек. Электрондық төлем жүйесін жетілдіруді көздеген жоба авторлары осындай жаңалық енгізіп жатыр.

  • 30 Қазан 2015
  • 262
Фото - Caravan.kz

Өткен аптаның басында Алматыда жаңадан іске қосылған «Оңай» төлем жүйесінің былықтары туралы айтқан едік. Электрондық картасын алуға келген зейнеткерлер ұзын-сонар кезекте тұрса, кей жерлерде жаңа қондырғы дұрыс жұмыс істемей жатты. Осыған байланысты, жоба авторлары олқылықтардың орнын толтырғанын мәлімдеп отыр. Бүгінде бұл аппараттар қаладағы 1500-ден астам қоғамдық көлікке орнатылып, тұрақты жұмыс істеп тұр екен. Ал төлем картасын алуға келген зейнеткерлердің кезегін жою үшін қызметкерлер санын арттырған.

Серік Жұмабеков, «Алматы көлік холдингі» ЖШС директоры:

-Қосымша жабдықты қойып жатырмыз. Компьютерлерді, қажетті бағдарламаны орнатып және өзіміздің қызметкерлерімізді жіберіп, ол мәселені шештік.  Қосымша қазір шешім қабылданды. Мына зейнеткерлер, келесі жылда да алдында да тегін болады. 

Соңғы жаңалықтар