Алматыда жаңа мұз айдыны ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаңа мұз айдыны ашылды

Алматыда жаңа мұз айдыны ашылды

Алматыда заманауи талаптарға сай жаңа мұз айдыны ашылды. Жаңа демалыс әрі спорт кешенінің ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

  • 27 Желтоқсан 2010
  • 656
Фото - Caravan.kz

«Жаңа мұз айдыны алматылықтардың тағы бір сүйікті демалыс орнына айналады деп сенемін. Бұл салауатты өмір салтын ұстанушылар мен болашақ спортшыларға Азия ойындары қарсаңында берілген сыйлық»,-деген қала әкімі инвесторлар мен тез арада осындай нысанды салып бітірген құрылысшыларға алғыс айтты. Қала әкімі Азия ойындарының қарсаңында пайдалануға берілген осындай спорт ғимараттары ойындардан соң тұрғындардың игілігіне қызмет ететінін атап өтті.

Мұз айдынының ашылуына АҚШ-тағы жаттығуын тастап арнайы келген Ванкувер олимпиадасының қатысушысы Дениса Теннің айтуынша, LUXOR кешенінің ашылуы мәнерлеп сырғанаушылар үшін үлкен сый болды. «Елімізде осындай кешеннің ашылуына қуаныштымын»,- деді жас спортшы.

Барлық жағынан заманауи талапқа сай кешеннің құрылысын Мега айс компаниясы жүргізген. Ол еліміздегі мұз айдындары құрылысын салумен және сервистік қызмет көрсетумен айналысатын жалғыз компания. LUXOR кешені компания тарапынан салынып, пайдалануға берілген Алматыдағы 7-ші жабық мұз айдыны болып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера