Әл-Фараби даңғылынан жоғары, шаңғы трамплині кешеніне жақын жерде бой көтеретін city үш қабаттан тұрады, деп хабарлайды BAQ.kz.
Әр пәтердің шаршы метрі 94-139 аумақты құрайтын баспананың ішкі биіктігі 3,25 метрге жетеді. Алғашқы тапсыруы 2017 жылдың қазан айында беріледі деп жоспарланған тұрғын үйдегі пәтерлердің бағасы толық төленер болса, әр шаршы метрі 600 мың теңгеден тұрады. Ал бір жылға бөліп төлегіңіз келсе шаршы метрін 650 мың теңгеден алуға болады. Яғни ESENTAI CITY-дан баспана алғыңыз келсе қалтаңызда кемінде 56 млн-нан жоғары теңгеңіз болуы керек.
«Жаңа аудан орталық саябақ арқылы өмір сүруге (пәтерлер, таунхаустар) және жұмыс істеуге арналған кеңістік (офистер) болып екі концептуалды аймаққа бөлінеді. ESENTAI CITY-де мыңнан аса пәтерлердің шатырында жеке терассалар және 5 мыңға жуық автотұрақ болады», — деді жобаның бас сәулетшісі Роландас Ключинскас.
Esentai City-де тұрғын үйлерден бөлек, 46 офис ғимараттары салынады. Олар заманауи халықаралық жасыл стандарттарға сай жобаланып, LEED рейтингі бойынша сертификацияланады.
Сондай-ақ, жасыл аймақтар, қоқыс жинаудың инновациялық жүйесі, электромобильдерді қуаттайтын бекеттер құрылады. Бұдан бөлек, ауданда жаяу жүргіншілер жолы, жүгіруге және велосипедке арналған жолдар пайда болады.