Алматыда жаңа туған нәрестені қасақана өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаңа туған нәрестені қасақана өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жаңа туған нәрестені қасақана өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жаңа туған нәрестені қасақана өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-дегі ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 26 Қараша 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

Медеу АІІБ тергеушілері өлтірілген ұл баланың 34 жастағы шешесін күдікті ретінде сұрап жатыр.

2008 жылдың 23 қарашасында тамағынан бауыздап өлтірілген жаңа туған баланың мәйіті Алматының Медеу ауданы Қармысов көшесіндегі жеке меншік үйдің ауласындағы дәретхананың шұңқырынан табылған болатын Баланың шешесі тұрғылықты жері жоқ, жұмыс істемейтін кезбе әйел болып шықты.

Қазір әйел босанғаннан кейін пайда болған ауыр дерттің салдарынан қалалық №1 ауруханаға жатқызылған. Ол жатқан палатаның жанына күзет қойылды.

Алматы ІІД-дегі ақпарат көзінің айтуынша, күдікті өз баласын өлтіруге мұқтаждық итермеледі деп жауап берген. Ол : «баланың кедейлікте өмір сүргенше өлгені артық», деп мәлімдеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар