Алматыда жаңа туған сәбиін далада қалдырып кеткен әйел әлі қашып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаңа туған сәбиін далада қалдырып кеткен әйел әлі қашып жүр

Алматыда жаңа туған сәбиін далада қалдырып кеткен әйел әлі қашып жүр

Алматыда жаңа туған сәбиді далада қалдырып кеткен, - деп хабарлайды patrul.kz.

  • 6 Қазан 2017
  • 337
Фото - Caravan.kz

Оқиға Алатау ауданында болған. Басылымның мәліметінше, шөпте түйіншек жатқан, сол жақтан сәбидің даусы естілген. Куәгерлер бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Сәби жылы көрпе мен уақтылы келген көмектің арқасында мұздап қалмады. Сондай-ақ, тастанды сәбидің қыз екені белгілі болды.

"Жедел медициналық көмек бригадасы бізге, қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына, тастанды сәбиді жеткізді. Алдын ала болжам бойынша, қыз 5-6 күн бұрын ғана дүниеге келген. Ол Черемушка көшесі, №27 үйдің аумағынан табылды. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Сәбиді ауруханада толықтай тексеріп шықтық", — деді қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының 9-бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Ләззат Есқалиева.

Дәрігерлердің айтуынща, сәби стационарлық жағдайда дүниеге келген. Айта кетейік, әзірше сәбидің анасы қатысты ешқандай мәлімет жоқ. "Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы бойынша ("Қауiптi жағдайда қалдыру") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Сондай-ақ, сәбидің анасын және туыстарын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", — деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.
 

Соңғы жаңалықтар