Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші батыс бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, шам бағанасына барып соғысқан. Нәтижесінде жүргізуші көліктің ішінде қысылып қалған.
Оқиға орнына Алматының құтқару қызметі барған. Олар көліктен ер адамды алып шыққан. Ол аса ауыр жағдайда болған. Оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.