«Мазданың» әйел жүргізушісі көше қиылысында қарсы жақтан жүйткіп келе жатқан «Тойотаға» жол бермей, бұрылып кетіпті. Соның салдарынан екі көлік қатты соғысқан. Кейін «Тойота» төңкеріліп барып, аялдамаға соғылыпты. Сөйтіп, жол шетінде жайбарақат тұрған екі қызды басып өткен. Аялдамадағы тағы үш адам және «Тойотаның» жүргізушісі ауыр жараланып, ауруханаға түсті. Ал апатқа себепкер болған көлік жүргізушісі дін аман. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.