Алматыда жанұялық демалысқа арналған «Алма» фестивалі өтеді
4-5 маусым күндері Алматыда «JUNEX 2011» балалар тауарларының көрме -жәрмеңкесі мен 7-ші жанұялы демалыстың «Алма» фестивлі өтеді. |
Шара халықаралық балалар күніне арналып ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы - «Expo.kz» компаниясы. Ресми қолдаушы - Алматы әкімдігі мен қалалық мәдениет басқармасы.
Аталған фестиваль алматылықтар үшін дәстүрлі мерекеге айналған. Жыл сайын өтіп жүрген шараның мақсаты - жанұяның беріктігін сақтау, рухани-адами құндылықтар мен дәстүрлерді оралту. Фестиваль бағдарламасында ата-аналар мен балаларға шеберлік сағаттары өткізіліп, музыкалық шоу, түрлі көрмелер ұйымдастырылады.
Шараға «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен «Ашық әлем» қоры қамқорлығындағы ауитизммен науқастанатын балалар қатысады. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына есік ашық. Әрбір ата - ана мен бала шараға қатысу арқылы мүгедек, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың өміріне қуаныш сыйлауға үлес қоса алады. Өйткені, билеттерді сату мен жәрмеңкеден түскен қаржы алматылық балалар үйінің біріне аударылмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін