Алматыда жанұялық демалысқа арналған «Алма» фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жанұялық демалысқа арналған «Алма» фестивалі өтеді

Алматыда жанұялық демалысқа арналған «Алма» фестивалі өтеді

4-5 маусым күндері Алматыда «JUNEX 2011» балалар тауарларының көрме -жәрмеңкесі мен 7-ші жанұялы демалыстың «Алма» фестивлі өтеді.

  • 3 Маусым 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz

Шара халықаралық балалар күніне арналып ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы — «Expo.kz» компаниясы. Ресми қолдаушы — Алматы әкімдігі мен қалалық мәдениет басқармасы.

Аталған фестиваль алматылықтар үшін дәстүрлі мерекеге айналған. Жыл сайын өтіп жүрген шараның мақсаты — жанұяның беріктігін сақтау, рухани-адами құндылықтар мен дәстүрлерді оралту. Фестиваль бағдарламасында ата-аналар мен балаларға шеберлік сағаттары өткізіліп, музыкалық шоу, түрлі көрмелер ұйымдастырылады.

Шараға «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен «Ашық әлем» қоры қамқорлығындағы ауитизммен науқастанатын балалар қатысады. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына есік ашық. Әрбір ата — ана мен бала шараға қатысу арқылы мүгедек, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың өміріне қуаныш сыйлауға үлес қоса алады. Өйткені, билеттерді сату мен жәрмеңкеден түскен қаржы алматылық балалар үйінің біріне аударылмақ.

Соңғы жаңалықтар