Фестивальдің ашылу салтанатына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзаки, Қазақстан киногерлері Одағының төрағасы Әмір Қарақұлов сынды ресми өкілдер қатысады.
Фестиваль шеңберінде екі көркем, бес деректі және бір анимациялық фильм көрермен назарына ұсынылады. Атап айтсақ, «Тырнаның мейірбандығы» атты жапон халық ертегісінің желісіне құрылған «Тырна» және «Набидің махаббаты» атты фильмдер мен «Экспресс-Галактика -999» атты анимациялық фильм көрсетілмекші.