Алматыда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

Алматыда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

Алматы полициясы сауда үйінің жанында жаппай жұдырықтасуға жол бергендерді ұстады. Оқиға 18 қазанда болған.

  • 26 Қазан 2015
  • 294
Фото - Caravan.kz


Олардың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

Бостандық аудандық ІІБ қызметкерлері анықтағандай, жанжал ғимараттың екінші қабатындағы дәмхананың күзетшілері мен олардың таныстары арасында шыққан. Өзара ымыраға келген соң тараптар полицияға хабарламаған. 
Қазір аталған дерек ҚР ҚК 293 бабының 2 тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркелді. 
Бостандық ауданы ІІБ барлық қатысушыларды ұстады. Олар уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Жақын арада оларды тергеу амалдарына дейін бұлтартпау шарасы қабылданады.

Соңғы жаңалықтар