Алматыда жарылғыш зат табылып залалсыздандырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жарылғыш зат табылып залалсыздандырылды

Алматыда жарылғыш зат табылып залалсыздандырылды

Алматы қаласының Алмалы ауданында Құрманғазы және Масаншы көшелерінің қиылысында 20-қазан күні 11 сағат 14 минутта №2030 трансформаторлық қосалқы станцияның жанынан жергілікті тұрғындар жарылғыш зат тауып алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қазан 2003
  • 530
Фото - Caravan.kz

Жүзеге асырылған жедел шаралардың нәтижесінде, қолдан жасалған жарылғыш қондырғы — қол гранатасына алынған соқпалы тетік орнатылып, электр өткізгіш сымға қосылған 15х20 см-лік көлемдегі екі қағаз қораптан тұратындығы анықталды.

Агенттік ақпаратына сәйкес, жарылғыш қондырғы қауіпсіз жерге жеткізіліп, ҚР ҰҚК-нің «Арыстан» бөлімшесінің қызметкерлері оны залалсыздандырды. Жарылғыш заттың құрамды бөліктері Алматы қаласы Алмалы аудандық ІІБ-не табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар