Алматыда «жарылғыш зат» туралы жалған хабар таратты деген күдікпен ер адам қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «жарылғыш зат» туралы жалған хабар таратты деген күдікпен ер адам қамауға алынды

Алматыда «жарылғыш зат» туралы жалған хабар таратты деген күдікпен ер адам қамауға алынды

Алматыда «жарылғыш зат» туралы жалған хабар таратты деген күдікпен ер адам қамауға алынды.

  • 24 Тамыз 2015
  • 571
Фото - Caravan.kz


Жетісу аудандық соты күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады. 

«Виталий Мочалов ҚР ҚК 273 бабы бойынша көрсетілген қылмысты жасады деген күдікпен қамауға алынды. Іс материалдарына сәйкес, күдікті 2015 жылдың 20 тамызында кешкі сағат 8 шамасында полицияға ұялы телефонынан қоңырау шалып, Рысқұлов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығында бомба қойылғанын хабарлаған», — деді Қ.Ешімет.
Тергеушілер анықтағандай, ер адам мас күйінде әрекет еткен. Ол бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қыз зорлағаны үшін В.Мочалов 7 жыл түрмеде отырып шыққан.

Соңғы жаңалықтар