Алматыда жарықсыз қалған нысандарға автономды құрылғылар жеткізілді
Алматыда жарықтың жаппай өшуіне алып келген трансформатордағы өрт ауыздықталды, деп хабарлады қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметінен. |
Бұған дейін хабарланғандай, 19 желтоқсан күні кешқұрым Алматының Бостандық ауданында Геологқұрылыс аумағындағы қосалқы стансыда қуаттылығы 10000 Вт-тың №6 вакуумдық трансформатор өртенді. Жалынның тараған аумағы 100 шаршы метрді құрады. Салдарынан аталмыш ауданның батыс бөлігінде электр жүйесінің сөнуі болды - олардың арасында Тимирязев - Жароков - Әл-Фараби - Розыбакиев көшелерінде орналасқан екі насосты стансы, алты медициналық мекеме мен тұрғын үй секторы бар. Өрттің таралуы 22.20-да тоқтатылып, 23.40-та толығымен жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бірмезгілде ТЖД-ның шұғыл тобы ауданның тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын, мекемелер мен тұрғын үй секторларын тексеріп, олардың нәтижесі бойынша қалалық перинаталдық орталықты, Темирязев көшесіндегі насосты стансыны, балалар үйі мен мүгедектер интернатын энергиямен қамтудың автономды құрылғыларымен қамтамасыз ету шешімі қабылданды.
Халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін өзге нысандарда электр жарығы электр таратудың резервті желілері арқылы беріле бастады.
Электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның және Алматының электр шаруашылығы қызметінің күшімен жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін