"Алматыда жас келіншек атракционнан секіріп өлді": Әйелді сондай жағдайға жеткізіп, тығырыққа тіреген кім? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алматыда жас келіншек атракционнан секіріп өлді": Әйелді сондай жағдайға жеткізіп, тығырыққа тіреген кім?

"Алматыда жас келіншек атракционнан секіріп өлді": Әйелді сондай жағдайға жеткізіп, тығырыққа тіреген кім?

Тағы да өлім, тағы да әйел…

  • 25 Маусым
  • 27
Фото: видеодан алынған

Жас келіншек тапа-тал түсте Алматының орталық бағындағы айналмалы шеңберге мініп (колесо обозрение) артынша секіріп өлді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл айналманың биікті 54 метр. Әйел жерге құлаған жерінде мерт болды.

Бүгін белгілі болғандай, ол үйінде алдымен кішкентай қызын буындырып өлтіріп, сосын өзін өлімге қиған екен.

«Қайран әйелдер, аналар, қыздар-ай. Ешкім еріккеннен өлмейтіні анық. Дәл осы өлімнен де отбасылық зорлық-зомбылықтың исі шығатындай. Соңғы кезде жанында жүрген күйеу (жігіт) кесірінен өлімге басын тіккендер, яғни, жақындары өзін-өзін өлтіруге дейін жеткізгендер көп.

Бірақ, бір қылмыс ашылғаны жайлы оқымаппын. Былтыр 9 қабаттан 3 баламен секіріп өлген Бақытгүл не болды? Өткен аптада өз-өзіне қол салған Айлунаның тергеуі не болып жатыр? Арыста тиран Қатираның кесірінен уксус ішіп өлмекші болған келіннің ісі қалай жүруде? Енді мынау!

Байқұс әйелді сондай жағдайға жеткізіп, тығырыққа тіреген кім? Сол табылып, сотталсын», — деп пікір білдірді Гүлмира Абықай.