Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің төрағасы Ермек Тоқтаров Қор мен университеттің ұзақ жылғы өзара ынтымақтастығын атап, елдегі жастар ғылымын дамытуға бағытталған бірлесіп өткізілетін іс-шаралардың маңызын айтты.
Дәстүрлі форум Қазақстан цивилистикасының негізін қалаушы ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Юрий Басинге (1923-2004 жж.) арналды.
Конференцияның мақсаты студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, қазіргі өркениеттің өзекті түйткілдерін шешуге тарту, жақын шетелдік зерттеушілердің білім беру және ғылыми байланысын дамытуға жәрдемдесу.
Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдары мен студенттері баяндама жасады.
Конференция аясында азаматтық құқық, тұрғын үй құқығы, отбасы құқығы, еңбек құқығы, халықаралық жеке құқық, корпоративтік құқық, міндеттеме құқығы, шарттық құқық, зияткерлік меншік құқығы, патенттік құқық, салыстырмалы құқықтану теориясы мен тәжірибесінің толғақты түйткілдері талқыланды.
Студенттер азаматтық құқықты қамтамасыз ету және қорғау саласындағы өзекті мәселелерді көтерді, сондай-ақ заң шығарушының цифрлық құқық, жасанды интеллект, дербес деректерді қорғау және т.б. қатысты маңызды дүниелерді реттеу саласындағы қызметін қарастырды.
Интернет алаяқтықтан зардап шеккен адамның құқығын қорғау рәсімдерін жеңілдету, смарт келісімшарттарды реттеуді дамыту, жасанды интеллектті пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін идеялар ұсынылды.
Конференция аясында «Үздік ғылыми мақала» байқауы өтті. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланып, диплом мен естелік сыйлық табысталды.