Оқиға орнына фото мен видео әлеуметтік желіде тарады. Онда марқұмның «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан секіріп кеткені айтылады. Видеода етпетінен жерде жатқан қызды көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.
«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.