Алматыда жас суретші Асқар Есдәулеттің жеке көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жас суретші Асқар Есдәулеттің жеке көрмесі ашылды

Алматыда жас суретші Асқар Есдәулеттің жеке көрмесі ашылды

Алматыда Орталық көрме залында жас суретші, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Жігер» республикалық фестивалінің дипломанты Асқар Есдәулеттің жеке көрмесі ашылды.

  • 28 Желтоқсан 2011
  • 584
Фото - Caravan.kz

Көрмеге суретшінің жүздеген кескіндемелік, графикалық және мүсіндік туындылары қойылған.

Классикалық көркемсурет білімін алып, Еуропада тәжірибе жинаған Асқар Есдәулет бүгінде халықтық көркемсурет өнері түрін еуропалық модернизммен ұштастыруда. Өз кескіндеме және мүсін туындыларын жасау барысында әрқашан стандартты емес композициялық тәсілдерді қолданумен ерекшеленіп келеді. Оның шығармаларында ұлттық нақыштылық бірден байқалады. «Әр адам өз тарихын біліп, өткенге құрметпен қарауы қажет. Мен өзімді халықтың, оның тарихының бір бөлшегі ретінде сезінемін. Мені өз елімнің, халқымның ежелгі және бүгінгі мәдениеті қызықтырады. Әр туындымды бүкіл күш-жігерімді жұмсап жасадым», — дейді жас суретші.

Қылқалам шебері ұлттық нақыштағы, «қазақ әні мен музыка үні» сезілетін туындылар өнерсүйер қауым жүрегіне жетеді деген үмітте.

Перейти к новостям спорта