Алматыда жасөспірімдер арасында конькимен мәнерлеп сырғанаудан біріншілік басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жасөспірімдер арасында  конькимен мәнерлеп сырғанаудан  біріншілік басталды

Алматыда жасөспірімдер арасында конькимен мәнерлеп сырғанаудан біріншілік басталды

 Бүгін Алматыда жасөспірімдер арасында конькимен мәнерлеп сырғанаудан Mega Ice клубының алғашқы біріншілігі басталды.

  • 24 Ақпан 2011
  • 427
Фото - Caravan.kz


Оған Ақтау, Алматы, Ақтөбе, қалаларының, сонымен қатар Ташкенттен келген 65-тен аса жас спортшылар қатысуда.

«Mega Ice клубы жарысты бірінші рет өткізіп отыр. Біріншілікке клубтың басқа қалалардағы мүшелері қатысуда. Олардың қатарында кәсіпқой және әуесқой спортшылар бар. «Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз — салауатты өмір салтын насихаттау, елімізде конькимен мәнерлеп сырғанау спортын дамыту, жасөспірімдерді спортқа баулу болып табылады. Біз бұл бәсекені өткізе отырып, клубтың ең мықты спортшысын анықтамақпыз. Жарыс үш күн өтеді, онда 5-тен 12 жасқа дейінгі спортшылар жеңіс үшін күресетін болады»,-дейді жарыстың бас қазысы, жеке сырғанаудан ҚР чемпионы Надежда Парецкая.