Алматыда жасөспірімдер арасында шаңғы жарысы түрлерінен Әлем чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жасөспірімдер арасында шаңғы жарысы түрлерінен Әлем чемпионаты басталды

Алматыда жасөспірімдер арасында шаңғы жарысы түрлерінен Әлем чемпионаты басталды

1 ақпан күні Алматыда жасөспірімдер арасында шаңғы жарысы түрлерінен Әлем чемпионаты ойындары басталды. 

  • 2 Ақпан 2015
  • 605
Фото - Caravan.kz


Спорттық шара «Сұңқар» халықаралық тау шаңғысы кешені аумағында өткізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасынан, делінген қала әкімдігінің ресми сайтында. 

Алматы 32 елден келетін 570-тен астам спортшыны қабылдайды. Бұл спорттық шараға 560 ерікті тартылған және әлемнің 30-дан астам БАҚ өкілі аккредитацияланған.

Дүбірлі дода 1 ақпаннан бастап ойынның соңғы күні — 8 ақпанға дейін 240 миллион көрермені бар «Еуроспорт» телеарнасында тікелей эфирден берілетін болады. 

Жасөспірімдер арасында өтетін шаңғы жарысы түрлерінен Әлем чемпионатының салтанатты ашылуы 2 ақпан күн Республика сарайы алдындағы Абай алаңында сағат 20.00-де өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера