Алматыда жасөспірімдерге арналған «speak up!» алғашқы форумы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жасөспірімдерге арналған «speak up!» алғашқы форумы өтті

Алматыда жасөспірімдерге арналған «speak up!» алғашқы форумы өтті

2022 жылдың 27 қараша күні Алматыда жасөспірімдерге арналған «Speak Up!» алғашқы форумы өтті. Іс-шара БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының (ЮНФПА) қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматыдағы өкілдігінде ұйымдастырылды. Форумға 400-ге жуық адам қатысты.

  • 29 Қараша 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Форум жасөспірімдердің кездесіп, бір-бірімен танысуына, өзекті тақырыптарды талқылауға және қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік туғызған ашық алаңға айналды.

Форум аудиторияға пайдалы әрі қызықты болуы үшін ұйымдастырушылар жасөспірімдер арасында сауалнама жүргізді. Бұл оларды қандай мәселелер қызықтыратынын анықтауға мүмкіндік берді, сосын осы тақырыптар форумның бағдарламасына енгізілді.

 Іс-шараны «Junior Eurovision» балалар ән байқауында II орын алған Қарақат Башанова ашты. Ашылу салтанатында БҰҰ-ның халықты саласындағы қорының (ЮНФПА) Қазақстандағы өкілі әрі Қырғызстан мен Түрікменстандағы директоры Ронни Линдстром құттықтау сөз сөйледі.

— Speak Up форумы – бұл болашақ туралы маңызды шешімдер қабылдауға септігі тиетін ақпарат алуға болатын орын. Біздің сарапшылар мен мамандар сізді мазалаған барлық сұраққа жауап берумен қатар, репродуктивті денсаулық туралы сенімді ақпарат көздерімен бөлісетін репродуктивті денсаулық сессиясына ерекше назар аударғаныңызды қалаймын. Бұл білім болашақта сіздің әлеуетіңізді іске асыруға өте маңызды, — деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі Ронни Линдстром.

Форумның ресми бөлігінде «Бөпе» ҚҚ құрылтайшысы Айнұр Ілиясова сөз алды.

— Бүгінгі жасөспірімдер – бұл еліміздің болашағы. Оларға жан-жақты білім беру маңызды. Сол себепті біз бүгінгі форумда жасөспірімдердің болашағы үшін барлық маңызды тақырыпты қамтуға тырыстық. Белгілі тұлғалар мен кәсіпкерлермен бірге Жастар ресурстық орталығының психологтары мен дәрігерлері, құқықтық сала өкілдері де білімін бөліседі. Сонымен қатар, жыныстық тәрбие мен зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жасөспірімдерге егжей-тегжейлі түсіндіріледі, — деді ұйымдастырушы Айнұр Ілиясова.

Форумның ерекшелігі деп төрт залда қатар өткен сарапшылардың шеберлік сыныптары мен дәрістерін айтуға болады. Іс-шара аясында екі public talks ұйымдастырылды, онда қатысушылар мен спикерлер «Мен қандай жасөспірім болдым?» және «Жасөспірімдер қалай ақша таба алады?» деген тақырыпты талқылады. Тәуекел Мүсілім, Серік Шәріп (Шако), Гүлнәз Жоланова, Әлішер Егембердиев және Гүлнар Силбаева жасөспірім шақтарын еске алып, тұлға болып қалыптасуындағы осы кезеңнің маңыздылығына тоқталды.

— Жасөспірім кезімде «керемет» деп ойлаған нәрселер олай болмай шықты. Сол себепті өміріңіздің ең тамаша кезеңін білім алуға, жаңа дүниелерді зерттеуге арнаңыз. Бұл уақыттың енді қайтып келмейтінін ұмытпаңыз, — деді Серік Шәріп.

Адель Баймолдинова, Нұрила Байтукаева, Шыңғыс Түркия, Нұрия Мамаджанова, жасөспірім кезінде жетістікке жеткен жас кәсіпкерлер жетістікке жету жолдары туралы әңгімелесті. «Табыс жас пен жағдайға байланысты емес. Табысқа жету үшін мақсат жеткілікті», — деді студент, криптовалюта туралы блогтың негізін қалаушы 
Адель Баймолдинова.

«Ата-аналармен сенімді қарым-қатынасты қалай орнатуға болады?», «Қаржылық сауаттылықты қалай арттыруға болады?», «Темперамент бойынша мамандық таңдағанда нені ескеру керек?», «Актерлік мансапты неден бастау керек?». Бұлар форум сессияларының маңызды тақырыптары. Осы және өзге де маңызды сұрақтарға жастар сарапшылардың дәрістерінен жауап алды. Ал ЮНФПА мамандары жасөспірімдерге жастар денсаулық орталықтары туралы айтып, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңызды мәселелерін қозғады. YPEER халықаралық желісінің еріктілері жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту бойынша қалай жұмыс істеу керектігі туралы айтып, зорлық-зомбылықпен күресу мәселелерін көтерді.

IMPACTUM экология және көшбасшылық мектебінің түлектері Сая Аманкелдиева, Жасмин Ғазизова, Александра Янцен «Нет Планеты Б. Как эко-осознанность спасет мир?» тақырыбында дәріс өткізіп, жастарды экобелсенділер қатарына қосылуға шақырды.

Қатарлас сессияларда сарапшылар қатысушыларға шешендік өнер, актерлік шеберлік, мобилография, қолөнер сияқты тақырыптар бойынша шеберлік сыныптар өткізді. Жоғары білікті психологтар сегіз сағат бойы жасөспірімдерді жеке қабылдап, отбасылық және басқа мәселелер бойынша кеңес берді.

Ұйымдастырушылар қатысушыларға ойын-сауық бағдарламасын да ұсынды. Questoria актерлік шеберлікті, қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға, эмпатия мен эмоционалды интеллектті дамытуға бағытталған квест ойынын ұйымдастырды, бұл кезде Корнхол Федерациясы Корнхол ойындарын өткізді.

Форумның қорытынды бөлімінде «Ашық микрофон» сессиясы ұйымдастырылды, онда жасөспірімдер өз ойларын ашық айта алды. Осы сессия үшін «Жаңа толқын-2015» және «Балалар Евровидениесі» сияқты ән байқауларының жеңімпазы Данэлия Төлешова құрдастарына Америкадан бейнеүндеу жолдап, оны толғандыратын бірқатар мәселе туралы айтты. Форумға қатысушы жасөспірімдер өздерін қуантып, толғандыратын мәселелерді ашық айтты.

Іс-шара соңында Hey Monroe форумының басты хедлайнеры «Өмір» әнін орындады. Жас әнші жасөспірімдерді қателесуден қорықпауға және болашаққа нық қадам жасауға шақырды.

«Speak Up» жасөспірімдер форумы балалар жылы аясында «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қорының және БҰҰ-ның репродуктивті денсаулық және құқықтар жөніндегі жетекші агенттігі ЮНФПА-ның бастамасымен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырылды.