Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық жастар саясаты басқармасы жұмыссыздықты азайту және жастарды жұмыспен қамту бойынша жобаларды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл бағыттағы негізгі құралдардың бірі — Jasalmaty.kz порталы.
«Биыл жыл басынан бері бұл платформа 3,5 мың жасқа тұрақты жұмыс табуға көмектесті. Платформада 5 мың компаниядан 7 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылған», — деп жазылған хабарламада.
Қалалық мансап орталығы да жастарға белсенді түрде көмектесіп келеді, дейді әкімдіктегілер.
Жыл басынан бері 7,5 мың адам көмек сұрап жүгінген, оның ішінде 5,7 мыңы жұмысқа орналасқан. Орталықтың қызметтері қаладағы комьюнити-орталықтарда қолжетімді.
Айта кету керек, қалада 695 мыңнан астам жас тұрады, олардың 442 мыңы еңбекпен қамтылған.