Алматыда жастардың халықаралық шығармашылық фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жастардың халықаралық шығармашылық фестивалі өтті

Алматыда жастардың халықаралық шығармашылық фестивалі өтті

Дарынға ғасыр бас иеді! Алматыда осындай атаумен жастардың халықаралық шығармашылық фестивалі өтті. Өнер саласында жүрген жас буын өкілдеріне демеу болып, аталмыш бастаманы көтерген-Тұңғыш Президент қоры. Биыл 4-ші рет ұйымдастырылған айтулы сайысқа республикамыздың түкпір-түкпірінен ең үздік қатысушылар мен жобалар іріктеліпті.

  • 13 Қараша 2012
  • 566
Фото - Caravan.kz

Тағы бір айта кететін жайт, қазақстандық дарындыларға бұл жолы бәсекелес болған Франция, Түркия, Грузия, Ресей мен Қырғызстан азаматтары да баршылық. Әрбір «талантты» деген студент сурет, дизайнерлік жұмыстарымен өзара сайысқа түсті. Тіпті киім үлгілерімен ерекшеленген ұл-қыздар топ жарды. Ал ұйымдастырушылар аталмыш фестиваль жас өнерпаздардың тәжірибе алмасуында септігі мол болады деп сенеді. Сондай-ақ өз туындыларын үлкен аудиторияға емін-еркін таныстыруға мүмкіндік беретінін алға тартады. Әсіресе, халықаралық деңгейдегі фестивальге алғаш рет қатысып отырған жас өнерпаздарға. Ол үшін тіпті арнайы мастер-класстар ұйымдастырылған.


Ілияс Қозыбаев, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

— Жастарға бірнеше мастер-класс өткізеді. Бұл да жастардың білімін көбейтіп пайдалы ақпарат береді деп ойлаймыз.

Соңғы жаңалықтар