Алматыда жастарға арналған хип-хоп мәдениетінің фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жастарға арналған хип-хоп мәдениетінің фестивалі өтті

Алматыда жастарға арналған хип-хоп мәдениетінің фестивалі өтті

Алматыда жексенбі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында Астана алаңында Халықаралық мәдени даму күніне орай, жастарға арналған хип-хоп мәдениетінің фестивалі өтті.

  • 23 Мамыр 2011
  • 549
Фото - Caravan.kz

Фестиваль барысында граффити, хип-хоп биі бойынша сайыстар және рэп-концерті ұйымдастырылып, атақты ресейлік «Т9» тобының өнері тамашаланды.

Байқауларға қала жастары мен қонақтары қатысты. Аталмыш шара «JAStar» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты — жастар субмәдениеттері арасындағы диалогты қалыптастыру, жастардың ынтымақтастығын күшейтіп, салауатты өмір салтын дәріптеу.