Алматыда "Жасыл экономика және тұрақты даму" деп аталатын халықаралық ғылыми семинар өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Жасыл экономика және тұрақты даму" деп аталатын халықаралық ғылыми семинар өтіп жатыр

Алматыда "Жасыл экономика және тұрақты даму" деп аталатын халықаралық ғылыми семинар өтіп жатыр

Орнықты даму жолына түсу қазір әлемдік деңгейдегі өзекті мәселе болып отыр. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Жасыл экономика және тұрақты даму" деп аталатын халықаралық ғылыми семинарда айтылды.

  • 28 Маусым 2011
  • 1065
Фото - Caravan.kz

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің «Табиғатты пайдалану экономикасы және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы ұйымдастырған бұл шараға Ғылыми кеңестің, Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері мен отандық белгілі экономист ғалымдар қатысуда. Сондай-ақ Германиядан Инновациялық менеджмент институтының Бас директоры Вольф Хартманн, Изерлондағы Кампус Seilersee Президенті Дитрих Вальтер, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Астана қаласындағы қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович құрметті мейман ретінде шақырылған. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат беріледі деп жоспарлануда.

«Қазір орнықты даму жолына түсу тек Қазақстанда ғана емес бүкіл дүниежүзінде ең көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Бұл семинар ерекше жағдайда өтпек. Өйткені бүгін Астана қаласында Германияның федералдық канцлері Ангела Меркелдің қатысуымен форум өтіп жатыр. Оның да тақырыбы «жасыл экономикаға» байланысты. Германия тек қана Еуропаның локомативі емес, әлемдік экономиканың да көшбасшыларының бірі», — дейді Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің ректоры Әли Әбішев.

Соңғы жаңалықтар