Алматыда жасыл желектер қайтадан жұлынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  жасыл желектер қайтадан  жұлынуда

Алматыда жасыл желектер қайтадан жұлынуда

АЛМАТЫ. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматы қаласының ортасында Әл-Фараби даңғылының бойында көптеген қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар жұлынған деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2006
  • 666
Фото - Caravan.kz

Желтоқсан даңғылы мен Марков көшесіне дейін жол бойында 20 жылдай болған он шақты қарағай жұлынған.

Қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану департаментінде бұл учаскеде Әл-Фараби даңғылы мен Сәтпаев көшелерін жалғайтын жол құрылысы бойынша жұмыс жүріп жатқандығымен түсіндіреді. «Бұл қажеттілік, өздеріңіз білесіздер қалада қазір жүру мүмкін емес. Ал, ағаш деген не, оны қайта еге салуға болады», — деді департамент қызметкері.

Оның сөзіне сүйенсек, қалада осы жылдың ішінде департаменттің рұқсатымен 1,9 млн. жасыл желектің 3-5 мыңы жұлынған. «Бұл айтарлықтай көп емес»,- деп санайды табиғатты пайдалану департаментінің қызметкері.

Көшеде сұрау жүргізген он алматылықтың тоғызы мұндайға қарсы екендіктерін айтты. «Алматы бұрын қала-бақ болатын, ал қазір автокөліктер нығалаған тас қалаға айналып барады. Ағаштарды жұлып, олардың орнына жанармай бекеттерін салуда. Сонда бұл экологиялық жағдайды түзеу болып табыла ма?», — деп өз наразылығын білдірді қалалық жеке кәсіпорын жұмысшысы.

«Егер осы ағаштарды өсіп тұрған орнынан алу қажет болса, оларды қазып алып басқа жаққа отырғызатын мүмкіндіктің болмағандығы ма, сонда? Қала онсыз да шұңқырда орналасқан, ал таудағы алма бақтарының орнына сарайлар салып жатыр. Соған қарағанда біздің басшыларымыз бүгінмен ғана өмір сүретін секілді», — деді зейнеткер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта