Caravan Logo

Алматыда жат жұрттағы қандастарымыздың жинағы жарық көрді

Алматыда жат жұрттағы қандастарымыздың жинағы жарық көрді

Сиясы кеппеген жинақтарда әлемнің әр қиырындағы қандастарымыздың өмірі мен жай-күйі туралы сөз қозғалады. Әрі қаламгерлер тарихи отанына деген сағыныштарын проза және поэзия түрінде жеткізген. Геннадий Ташпеков Ресейдің Саратов қаласындағы қазақтардың өмірі туралы, ал Досан Баймолда өз еңбегінде күллі Еуропадағы қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігі жөнінде жазған. Бір ерекшелігі, биыл тұңғыш рет Қарақалпақстандағы қазақтар туралы өлең кітабы 2 мың данамен басылып шықты.

Мақсат Әлсейітов, «Жетімсайдың бойында жетім ауыл» кітабының авторы (Өзбекстан)

- Лирикалық өлеңдер. Енді бұл өлеңдердің ішінде әртүрлі тақырып қамтылған. Көбінесе енді негізгі мақсаты шетелдегі қазақтардың жағдайы туралы, осы жердің өзіміздің Қазақстанның жетістіктерін жырлау, Отанды жырлау.

Loading...