Алматыда жауған қалың қар салдарынан 21 қар көшкіні болды
![]() |
30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында жауған қалың қар бірнеше қар көшкініне себеп болды. Атап айтқанда, 21 рет қардың өздігінен көшуі орын алды, олардың көлемі 51 600 текше метр болып отыр, деп хабарлайды ҚР ТЖМ. Алтауы Үлкен Алматы өзені аумағында орны алды. Ондағы қар 3 100 текше метрді құрады. Ал Кіші Алматы өзені аумағында көлемі 48 500 текше метрлік 15 қар көшкіні болды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін