Алматы қалалық ІІД өкілдері Қапшағай жақққа кеттетін көпірде болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІД мәліметінше, "Нива" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бірақ жүргізуші зардап шеккен адамға көмектеспекші болғанда оны басқа көлік қағып өлтіреді.
"Нива" жүргізушісі Қапшағай көпірімен оңтүстік бағытпен келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетеді. 1989 жылғы жүргізуші зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету үшін көліктен шыққан сәтте оны Land Rover көлігі қағып кетеді. Өкінішке орай, "Нива" жүргізушісі оқиға орнында қаза болды", — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша cотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жұмыс тобы оқиға орнында. Land Rover жүргізушісі де оқиға орнына барды", — деп нақтылады полициядағылар.