Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған «қауіпсіздік аралдары» салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған «қауіпсіздік аралдары» салынды

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған «қауіпсіздік аралдары» салынды

 

  • 4 Қазан 2023
  • 28
Фото - Caravan.kz

Алматыда биыл жолдарды орташа жөндеу аясында жаяу жүргіншілерге арналған жеті «қауіпсіздік аралдары» салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі хабарлағандай, «қауіпсіздік аралдары» Сейфуллин даңғылында, Жұмабаев көшесінен төмен, Абай даңғылы мен Абылай хан даңғылының қиылысында, сонымен қатар, Желтоқсан, Қонаев, Наурызбай батыр және Масаншы көшелерінде пайда болды. Аралдар Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен «Vision Zero Almaty» іс-шарасы бойынша мектептер, балалар және мектепке дейінгі мекемелер маңында жабдықталады.

«Қауіпсіздік аралдары» — бұл жаяу жүргіншілер көлік легін күтетін және көлік иелері жылдамдықты төмендетуі тиіс арнайы таңбаланған жолдағы шағын аймақтар. Бұл әлемнің көптеген елінде жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін арттыру және жол апаттары санын азайту үшін орнатылады.

жол

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен бірге, жолаушылардың қауіпсіздігі мен қоғамдық көліктің ыңғайлы тоқтауына, аялдамада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 4 және одан да көп жолақты жолдарда автобус пандустарын орнату үшін автобус қалталары жойылады. Бұл жұмыстар Сейфуллин даңғылында, Абай даңғылында, Сайын даңғылында жүргізілді. Сондай-ақ мегаполисте жолаушылардың автобустарды жайлы күтуі үшін аялдамалар тиісті жағдайға келтіріледі», — делінеді әкімдіктің хабарламасында.

Алматы қаласының мобильділік басқармасы биыл ұзындығы 200 шақырым болатын 230 көшені орташа жөндеуден өткізді. Бұл ретте Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалаға кейіннен қосылған аудандардағы жаңа жолдардың құрылысына ерекше назар аударылды.


«Бірінші кезекте осы аудандарда инженерлік желілердің құрылысы жүргізілді, кейін асфальт төселді. Әл-Фараби, Абай даңғылы және т.б. негізгі магистральдық көшелерде алғаш рет бірегей жабын – полимерлі асфальт қолданылды, ол төзімді, жолды пайдалану мерзімін бірнеше есе арттырады», — деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Айта кетейік, Алматыда ұзындығы 3 097 шақырым болатын 2746 көше бар. Әкімдіктегілер биыл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесін өткен жылғы 86%-дан 89%-ға, ал 2025 жылы 95%-ға дейін көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлады. Ол үшін жыл сайын ұзындығы кемінде 200 шақырым болатын жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.