Алматыда жазушы, биолог ғалым Максим Зверевтың 115 жылдығына арналған көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жазушы, биолог ғалым Максим Зверевтың 115 жылдығына арналған көрме ашылды

Алматыда жазушы, биолог ғалым Максим Зверевтың 115 жылдығына арналған көрме ашылды

Бүгін Алматы қаласы тарихының мұражайында Қазақстанның халық жазушысы, биолог ғалым Максим Зверевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Табиғаттың шынайы перзенті» атты көрме ашылды.

  • 29 Ақпан 2012
  • 955
Фото - Caravan.kz

Көрмеге ғалымның өмірі мен шығармашылығына қатысты мұражай қорындағы материалдар, 2004 жылы М.Зверевтың туысқандары тарапынан осында тұрақты пайдалануға берілген жеке тұтыну заттары, құжаттары, кітаптары мен фотосуреттері және жұмыс кабинетіне қатысты жеке заттары қойылған.

Көрменің ашылу салтанатына М. Зверевтың жақын туыстары, жазушының шәкірттері, Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында ғалым туралы деректі фильм көрсетіліп, келушілер үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

М.Д. Зверев 1896 жылы 29 қазанда Барнауыл қаласында дүниеге келді. 1923 жылы Томск университетін бітіріп, 1937 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Алматы қаласында тұрды.

М. Зверев Қазақстандағы балалар көркем әдебиетіне қалам сермеген алғашқы жазушылардың бірі. Ол «У лесного костра», «Золотой сайгак», «Встречи в лесу», «Заповедник пестрых гор», «На егерских кордонах», «Хозяин Небесных гор», «Заимка в бору» атты және басқа да көптеген әдеби кітаптардың авторы.

Ол тек жазушы ғана емес, үлкен ғалым болған. Сондай-ақ, Алматы хайуанаттар бағының тәжірибелі жетекшісі және алғашқы ұйымдастырушыларының бірі, «жас натуралистер» мектебінің негізін салушы болып табылады. Мамандығы бойынша зоолог, өмірінің барлық кезеңіне дерлік табиғатты зерттеуге жұмсады және де оның жүзден аса еңбектері жабайы аңдар табиғатын зерттеуге арналған.

1956 жылы М. Зверевтың сценарийі бойынша Алматы киностудиясы «Қанатты сыйлықтар» атты алғашқы балалар көркем фильмін түсірді.

Оның шығармашылық және қоғамдық қызметі жоғары бағаланды. Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы мен Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және көптеген ордендер мен медальдардың иегері.

Перейти к новостям спорта