Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына түскен: Науқас көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына түскен: Науқас көз жұмды

Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына түскен: Науқас көз жұмды


Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсіп, көліктегі науқас көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

  • 11 Маусым 2021
  • 28
Фото - Caravan.kz

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері жұмыс кезінде есінен танып қалған. Әріптестері оған жатырдан тыс жүктілік диагнозын қойыпты. Келіншекті жедел жәрдем алып кеткен.

“Бұл жағдай демалыс күні болған. Қызметкер кесте бойынша кезекшілікке шыққан. Алғашқы белгілер байқалғанда, кезекші дәрігер шақырылған. Артынша алгоритм бойынша жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Демалыс күндері клиникада ота жасайтын бригада болған жоқ. Оларды шақыру үшін де көп уақыт кететін еді. Сондықтан, жедел жәрдем шақырдық. Науқас институттан кеткен кезде есін біліп жатқан”, –дейді қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі.

Алайда ауруханаға бара жатқан жолда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсіп, келіншек ауыр жарақат алады.

“Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізу кезінде жол-көлік оқиғасы болған. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Сраптама нәтижесі әлі белгілі болған жоқ. Бірақ жол апаты кезінде науқас қатты жарақат алғаны туралы ақпарат бар. Алдын ала болжам бойынша, өлім себебі жатырдан тыс жүктілік емес, жол апаты салдарынан миға зақым келуден болған”, – деп түсіндірді қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі.


Оқиғаға қатысты Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі науқасты ауруханаға жеткізу кезінде жол апаты орын алғанын растады.

Соңғы жаңалықтар