Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Өткен аптада бізде күніне 700-ден астам адамнан коронавирус табылды. Осы аптаның алғашқы күні — бүгіннің өзінде бізде 610 жағдай. Жедел жәрдемге түскен қоңыраудың ең көбі өткен аптада тіркелді, тәулігіне 2 500-ден астам шақыру болды, кешегі жағдай бойынша қоңырау саны — 1 900-ге жуық. Жедел жәрдем өзіне түскен ауыртпалықты жақсы еңсеріп жатыр. Сонымен қатар, емханалар күрделіліктің төртінші санатындағы қоңырауға қызмет көрсетеді, емханалар күніне 400-500 қоңырауға жауап береді», — деді ол.
Бұған дейін, Светлана Сұлтанғазиева Алматыда жедел жәрдем қызметін прокуратура тексеріп жатқанын айтқан болатын.