Алматыда жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдерге қарақшылық шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдерге қарақшылық шабуыл жасалды

Алматыда жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдерге қарақшылық шабуыл жасалды

9-қыркүйекте 20 сағат 56 минутта Алматыдағы Шоссейная көшесінің бойында орналасқан "Сәлем" базарының жанында бетперде киіп, шетелдік автоматты қарумен және пышақпен қаруланған үш адам Астанадан келген үш кәсіпкер әйелге қарақшылық шабуыл жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-нан хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2003
  • 390
Фото - Caravan.kz

1949-жылы туған К есімді азаматшадан шапқыншылар 500 мың теңге салынған дорбаны, 1951-жылы туған П есімді азаматшадан 15 мың теңге және 250 долларды қорқытып тартып алған. Тарпа бас салушыларға қарсылық білдірмек болған бір әйелдің оң аяғынан қарақшылардың бірі автоматпен атып жіберген.

Алматы қалалық ІІББ-ның қызметкерлері күдіктілердің бірін ұстап алды. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып табылатын 35 жастағы азаматтан Чехияда өндірілген «АГРАН-2000» тапанша -пулеметі мен оның 14 оғы бар оқшантайы, сондай-ақ, көздің тұсын ойып тастаған бетперде тәркіленді. Қылмыскерлер базарға мініп келген «Мазда-626» автокөлігінің жанынан Макаров тапаншасының 12 оғы, «ТТ» тапаншасының бір оғы мен «Парабеллум» тапаншасынан атылған оқтың гильзасы табылды.
Қазір күдіктінің шабуылға қатысушы сыбайластарының жасырынған жері мен аты-жөні анықталу үстінде.