Алматыда жеке коллекциялардағы сирек картиналар көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жеке коллекциялардағы сирек картиналар көрмесі өтеді

Алматыда жеке коллекциялардағы сирек картиналар көрмесі өтеді

Алматыдағы орталық көрме залында 9 қараша күні "Жұлдызды есімдер"деп аталатын Орталық Азиядағы қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады.

  • 7 Қараша 2011
  • 512
Фото - Caravan.kz


Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған бұл шараға Алматыдағы бірқатар жеке коллекцияларда жиналған сирек картиналар қойылмақ. Олардың көпшілігі жұртшылық назарына тұңғыш рет ұсынылып отыр. Оның арасында Әбілхан Қастеев, Сергей Калмыков, Евгений Сидоркин, Андрей Дячкин, Салихэтдин Айтбаевтың және өзбекстандық суретші-модернист Михаил Авинина Виктор Уфимцев, Владимир Рождественский, Михаил Курзиннің туындылары бар. Сондай-ақ Қазақстанда сирек кездесетін Леонид Брюммер, Виктор Шутенков, Виленина Кузнецова, Валентин Антощенко-Оленевтың да картиналары қойылғалы отыр. Оның ашылу рәсіміне кескіндеме әуесқойлары, колекционерлер, өнертанушылар мен меценаттар шақырылған. Қазкоммерцбанктің қолдауымен ұйымдастырылған бұл көрме кезінде әйгілі өнер шеберлерінің бірқатар картиналары саудаға шығарылмақ. Одан түскен қаржының бір бөлігі Әбілхан Қастееев атындағы өнер мұражайының жанындағы балалардың көркемсурет мектебін қолдауға берілгелі отыр.

Перейти к новостям спорта