Алматыда жеке меншік бейнефотостудияны $23 мыңға тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жеке меншік бейнефотостудияны $23 мыңға тонап кетті

Алматыда жеке меншік бейнефотостудияны $23 мыңға тонап кетті

Қаскүнемдер Алматының Бостандық ауданында орналасқан жеке меншік бейнефотостудияны тонап, $19,7 мың жәнеТ500 мың ақша салынған сейфті өздерімен ала кеткен, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

  • 7 Маусым 2011
  • 279
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, дұйсенбі күні түнгі сағат 24 пен 1-дің аралығында жасалған тонаушылыққа кем дегенде 2 адам қатысқан, олардың жастары 25 жастан аспаған.

Фирманың кеңсесіне торды майыстырып, балкон арқылы кірген. Кеңседе отырған 20 жастағы бейнемонтажерға күш көрсетеміз деп қорқытып, оны скотчпен байлап тастаған. Сосын ақша мен құжаттар салынған металл сейфті алып, кетіп қалған.

Тергеуші студияны біреудің нұсқауымен тонап кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Соңғы жаңалықтар