Алматыда жекеменшік үйдің ауласынан өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жекеменшік үйдің ауласынан өрт шықты

Алматыда жекеменшік үйдің ауласынан өрт шықты

Алматыда жекеменшік үйдің ауласындағы жапсарлас құрылыс нысаны өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 486
Фото - Caravan.kz


Бүгін 12:00-де «101» кезекші пультіне Айгерім-1 шағын ауданындағы Садовая 151 мекен жайы бойынша орналасқан жеке үйдің ауласы өртеніп жатыр деген хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіруші бригадасының хабарлауынша, үйге жапсарлас орналасқан шаруашылық бөлмесінен шыққан. 
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минутта өшіріп үлгерді.
Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. 
Қазір оның неден тұтанғаны анықталуда.

Соңғы жаңалықтар